Алматыда жол апатына кінәлі жүргізуші қашып кеттті. Алдын ала мәлімет бойынша, Changan көлігінің жүргізушісі Рысқұлов даңғылынан Шәріпов көшесіне солға бұрылмақ болған. Куәгерлердің сөзінше, қарсы бағыттағы көлік ағыны тоқтағанымен, сол сәтте қиылыстың оң жақ жолағымен Toyota Altezza көлігі жоғары жылдамдықпен келіп, кроссовермен соқтығысады. Соққыдан кейін басқаруға келмей қалған Altezza ізін ала тағы Toyota Camry мен Cobalt көліктеріне зақым келтірген. Жол апатынан Camry салонындағы үш адам, оның ішінде қолы сынған жүргізуші, анасы мен бала зардап шекті. Куәгерлердің айтуынша, Altezza жүргізушісі өзін оғаш ұстап, полиция шақырмауды өтініп, кейін оқиға орнынан ізін суытқан. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтауда.