World Population Review платформасы жариялаған Most Powerful Countries 2026 рейтингінің деректері бойынша Қазақстан 34-орынға ие болды.
Бұл тізімде еліміз Біріккен Араб Әмірліктері, Норвегия, Сауд Арабиясы және Ираннан жоғары тұр.
Рейтинг мемлекеттердің экономикалық және саяси ықпалын, халықаралық одақтарын, көшбасшылық әлеуеті мен әскери мүмкіндіктерін ескереді.
Посткеңестік елдер арасында Қазақстан Ресейден кейінгі орында. Ресей 11-орынға жайғасқан. Ал үздік үштікке Қытай, АҚШ және Үндістан енді.
Сонымен қатар Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әл-ауқат индексінде көш бастады.