Елордада «Астана кештері» халықаралық өнер фестивалі 15-ші рет ұйымдастырылды. Мерейтойлық шара биыл классикалық музыкамен қатар эстрада мен рок жанрларын да қамтыды. Үш күнге созылған мәдени кеш әлемнің әр түкпірінен келген өнерпаздарды бір сахнаға тоғыстырды. Фестивальдің басты қонағы – Оңтүстік Африкадан келген әнші Белинда Дэвидс. Ол әйгілі Уитни Хьюстонның әндерін орындап, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Әншіні «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі сүйемелдеді. Шетелдік өнерпаздар отандық музыканттардың кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді. Халықаралық сахнада танылып жүрген қазақстандық орындаушылар да фестиваль аясында өнер көрсетті.
ЕРЖАН КУШАНОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІНІҢ ФЛЕЙТАШЫСЫ:
Өнер жұлдыздарын Қазақстанға шақырып отандық музыканттарға мүмкіндік беруі. Эстрада мен опера, басқа да жанрлармен қосып, бір фестиваль ішінде біріктіріп. Осы халықаралық фестивальге қатысқаныма қуаныштымын.
ТИМУР УРМАНЧЕЕВ, ФЕСТИВАЛЬДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ
Осы жылдар ішінде фестиваль көпшілік асыға күтетін, жыл сайын өтетін жарқын мәдени оқиғалардың біріне айналды. Опералардағы көптеген музыкалық туындылар бұрын-соңды орындалмаған. Бұл концертте біз да әлі күнге дейін шырқалмаған дуэттер мен ансамбльдерді ұсынамыз.