Билл Гейтс жасанды интеллектті тарихтағы ең қауіпті технология деп атады
Microsoft негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс жасанды интеллектті «адамзат ойлап тапқан ең қауіпті технология» деп атады, деп хабарлайды Astana TV.
CNN арнасына берген сұхбатында ол ЖИ көліктерге, ұшақтарға немесе есірткіге қарағанда жойқын қауіп төндіретінін айтып, АҚШ билігін оның дамуын бақылауды күшейтуге шақырды.
Гейтстің айтуынша, жасанды интеллектті реттеуді тек технологиялық компаниялардың қолына қалдыруға болмайды.
«Қоғамның қолында бар жалғыз бақылау механизмі ЖИ-ді әзірлеп жатқан компаниялардың өзі болып қалатын жағдай орын алмауы тиіс», — деп атап өтті кәсіпкер.
Бұған дейін NBC арнасына берген сұхбатында Гейтс ЖИ-дің дамуы апатты салдарларға әкелуі мүмкін екенін ескерткен болатын.
«Жасанды интеллект, сөзсіз, миллиард адамның өліміне әкелетін оқиғаларды тудыруға жеткілікті түрде қуатты», — деді ол.
Оның пікірінше, келесі жылдың өзінде жаңа технологиялар хакерлік шабуылдар санының бірнеше есе өсуіне әкелуі мүмкін. Енді Гейтс ЖИ қауіпсіздігін АҚШ президенті Дональд Трамппен және оның әкімшілігімен талқылауды жоспарлап отыр.