Ақтауда екі жасөспірім қыз балалар ойын алаңындағы матрасты өртеп, 4,89 млн теңге шығын келтірді. Енді компания олардың ата-аналарын жауапқа тартуды және шығынды өндіріп алуды көздеп отыр, деп хабарлайды Astana TV.
Lada.kz мәліметінше, оқиға 11 қазанда 32А шағынауданындағы №15 үйдің ауласында болған. Өрт салдарынан ойын кешені, әткеншектер мен жұмсақ жабын бүлінген.
Алғашында қоқыс өртенді деп хабарланғанымен, кейін матрасты екі қыздың өртегені анықталды.
«Болашақ Өзен» ЖШС полицияға арыз дайындап жатыр. Компания балалар алаңының жалпы құнын 10,8 млн теңгеге бағалаған.