Қостанай облысында Камаз бен екі мотоциклші соқтығысып, бір адам қаза тапты

Қостанай облысында Камаз екі мотоциклмен соқтығысты. Жол апатының салдарынан  мотоциклді тізгіндеген бір жүргізуші қаза тапса, екіншісі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оқиға Қостанай ауданының орталығы Тобыл қаласында болған. Облыстық Полиция Департаменті оқиғаның мән-жайын анықтауда. Жол апатына кінәлі тарап тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болмақ.

ҚАЙРАТ ТАСМАҒАМБЕТОВ, ҚОСТАНАЙ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ВЗВОДЫНЫҢ КОМАНДИРІ:

Тергеу нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі. Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жолда барынша мұқият болуға және жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.