Қайтыс болған 15 жастағы қыз жерлеу рәсімі кезінде тіріліп кетті

Гватемалада қайтыс болған 15 жастағы қыз жерлеу рәсімі кезінде тіріліп кетті. Ол табыттың ішінде 8 сағаттан астам уақыт жатқан. Туыстарының сөзінше, Юлейди Икстотояктың жүрегі ауырып, өзін жайсыз сезінген соң  әкесі ауруханаға алып кеткен. Орта жолда жасөспірім есінен танып құлап қалған. Осы сәтте әкесі қызының тынысы мен тамырын өзі тексеріп, өлдіге санаған. Дәрігерлерге апармастан, жерлеу рәсіміне кірісіп кеткен. Дәл қоштасу рәсімі кезінде анасы табыт ішінде қызының қозғалғанын байқап, оның сыртқа шығуына көмектесіп, су ішкізген. Әлем жұртшылығын елең еткізген оқиға бойынша жерлігікті прокуратура тексеріс бастады. Өмірге қайта оралған қыз ауруханада толық тексерістен өтіп жатыр.