Батыс Қазақстан облысында мыңжылдық құдағилар 126 мың теңге үшін бір-бірімен соттасты. Бұл дау олардың балалары ажыраспай тұрғанда басталыпты. Сот материалдарына сүйенсек, ақшадан қысылған әйел құдағиынан 126 мың теңгені қарызға алады. Бірақ уақытында қайтара алмайды. Балалары ажырасқасын, құдасының мыңжылдық еместігіне көзі жеткен ашулы әйел ақшасын қайтару үшін құдағиын сотқа беріпті. Туыстарға басу айтқан судья дауды бейбіт жолмен шешуді ұсынады. Яғни, медиациялық келісім жасалып, сот белгілеген мерзім ішінде борыш өтелуі тиіс. Қарызы қайтарылатынын естіген екінші тараптың ашуы басылып, арызын қайта алыпты. Туыстарды осылай татуластырған сот та істі тоқтатуға мәжбүр болған көрінеді.