Павлодарда мектеп оқушысынан туберкулез анықталды

Павлодарда мектеп оқушысынан туберкулез анықталды. Дарынды балаларға арналған №3 гимназияның оқушысы жұқпалы ауруға шалдыққан. Дәрігерлер қажетті ем шара жасап жатқынын айтады. Ал оқушымен байланысты болған адамдар тексеріліп жатыр. Мектепке толыққанды дезинфекциялық жұмыстар жасалынып, оқушының сыныстарына манту сынамасы салынды. Ал мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері толықтай  флюорографиялық тексеруден өткізілмек.

ГУЛИЯ ӘЛМЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ ЭПИДЕМОЛОГИЯЛЫҚ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы жағдай бойынша эпедемологиялық тергеу басталды. Қазір оқушымен байланыста болған адамдарды іздеу және оларды тексеруден өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.