29-ы қараша Қазақстан Республикасы мәслихаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

Қарашаның 29-ында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Бүгін Орталық Сайлау Комиссиясы тиісті қаулыны қабылдады. Айта кетейік, Мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөлінісінің халқы жалпыға бірдей, тең, тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланады. Жоспарға сәйкес, ұсыну және өзін-өзі ұсыну кезеңі ертең, яғни 14 қазанда басталады және осы айдың 27-і сағат 18:00–де аяқталады. Партиялық тізімдер және кандидаттарды тіркеу 1-ші қарашада сағат 18:00–ге дейін жалғасады.

МҰХТАР ЕРМАН, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алдағы сайлау шеңберінде 228 мәслихатта 3447 депутатты сайлау жоспарланған. Атап айтқанда, 668 мандат облыстық, 626 мандат қалалық, 2053 мандат аудандық мандат бар.