Бельгиялықтар королі Филипппен патшайым Матильдасапар аясында халқымыздың бай мәдениетімен және рухани мұрасымен етене танысуға айрықша мән беруде. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтыңрезиденциясында құрметті қонақ болған корольдік отбасы асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады.
Король мен патшайымға бапкерлер сәйгүліктердің шығу тегі, күтімі туралы әңгімелеп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс қойды.