Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы қайтыс болды. Қаралы хабар өнер иесінің Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Astana TV.
“Сәкен Майғазиев ағамыздың анасы дүниеден озды. Алла жанын жәннатта етсін”, – делінген жазбада.
Жарияланған естіртуге сәйкес, марқұмның жаназа намазы 14 қазан күні сағат 15:00-де Түркістан облысы, Созақ ауылындағы өз шаңырағында өтеді.
Өнердегі әріптестері мен тыңдармандары әншінің отбасына көңіл айтып жатыр. Олардың арасында әнші Ерке Есмахан да бар.
“Иманды болсын! Алла алдынан жарылқасын!” – деп жазды ол.