«Құрылыс көлемі баспананың қолжетімділігін білдірмейді» - депутат

Фото: Aikyn.kz

Ипотекалық бағдарламалардың тиімдігін баспана алған отбасылардың үлесімен өлшеу керек

Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының жетекшісі Ербол Адаев «2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау кезінде жыл басынан бері елімізде 11 миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй салынғанын, алайда құрылыс көлемі баспананың қолжетімділігін білдірмейтінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, халықтың табысын, үй бағасын, ипотека мөлшерлемесін және бастапқы жарнасын ескерген жөн. Бағдарламалардың тиімділігі салынған пәтер санымен ғана емес, баспана алған отбасылардың үлесімен де өлшенуі шарт.