Тұраққа таласқан ер адам көршісін пышақтап өлтірді

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2026

Алматыда көлік тұрағына таласқан көршілердің жанжалы адам өлімімен аяқталды. 37 жастағы ер адам мойнынан пышақ жарақатын алып, ауруханада бір аптадан кейін көз жұмған. Полицияның алдын ала болжамы бойынша, марқұм үйінің жанындағы тұрақтан бөтен көлікті көріп, иесінен орынды босатуды сұраған. Осыдан кейін сөзге келіп қалған ер адамдар арасында төбелес басталған. Жанжал ушығып, ақырында бір адам пышақ жарақатынан қаза тапты. Күдікті ұсталды.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Күдікті дереу ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысы Алматы қаласы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.