14 жастағы қызынан айырылған ата-ана дәрігерлерді кінәлайды

Қызылордада 14 жастағы қыз балалар ауруханасында көз жұмды. Қара жамылған ата-ана оған дәрігерлерді кінәлайды. Себебі басы ауырып, құсып барған балаға дұрыс диагноз қоймағанын айтады. Тек түн жарымында есінен танып құлағанда ғана қаршадай Кәмшаттың миына қан құйылғанын білген. Асқазанын емдейміз деп дертін асқындырып алған ақ хатлаттылар жазасын алсын дейді жақындары.

ТАЛҒАТБЕК ЖҰМАЕВ, МАРҚҰМНЫҢ ӘКЕСІ:

Бала құлағанша ешқандай аппаратқа, КТ, МРТ аппаратына түсірмеген. бБла жата берген. Невроргия бөілімен жататын баланы, олар гастроэнтрология бөліміне жіберген. Балалар ауруханасында қабылдап алған педиатр врач дұрыс диагноз қоймаған. Баланың бөліміне әкеліп тұр сол. Құсық басатын дәрілер салған ол жерде. Оның барлығы кері әсер еткен. Инсультты одан сайын күшейтіп жіберген.