Алматыда Қазақстан мен Шығыс елдері арасындағы байланыстарға арналған халықаралық ғылыми конференция өтті. Жиын ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының 30 жылдығына арналды. Ғалымдар саяси-экономикалық ынтымақтастық, аймақтық қауіпсіздік, мәдени байланыстар және түркі мемлекеттерінің интеграциясын талқылады. Конференция аясында институттың 30 жылдығына арналған «Ордалы отыз жыл» кітап-альбомы мен ғылыми жинақтың тұсаукесері өтіп, ғылыми жарияланымдар көрмесі ұйымдастырылды.
ДҮКЕН МӘСІМХАН, Р.Б.СҮЛЕЙМЕНОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫСТАНУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Отыз жыл- ол да бір белес. Осы 30 жылдағы атқарған жұмысымызды халыққа, оқырмандарымызға көрсетіп, бәрі бір есеп беру тұрғысынан осы жиналысты ұйымдастырып жатырмыз. Себебі біздің институттағы ғалымдарымыз жылына ондаған ғылыми еңбектер шығарады.