Рейс Қытайға шұғыл түрде қонды
Екатеринбургтен Вьетнамның Нячанг қаласына ұшып шыққан ұшақта жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды Astana TV e1.ru агенттігіне сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай «Аэрофлот» әуе компаниясының SU-836 рейсінде болған. Ұшақ 12 қазанға қараған түні Кольцоводан Нячангқа бағыт алып, үш сағат өткен соң Қытайға шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұл уақытта ер адам жан тәсілім етіп үлгерген.
«Ұшақ капитаны Қытайда қонатынымызды хабарлаған кезде оянып кеттік, өйткені борттағы біреуге шұғыл медициналық көмек қажет болған екен, — деді ұшақ жолаушыларының бірі әлеуметтік желіде.
Белгілі болғандай, ұшақ ішінде үш сағат бойы өлікпен бірге ұшыппыз, оның аузынан көбік ағыпты, оны есіне жиюға тырысқанымен, ақыры қайтыс болыпты. Бұл – сұмдық, ол демалысқа жалғыз аттанған екен. Бұрын реабилитолог болып жұмыс істеген бір әйелді «адреналин екінші рет салды, жауапкершілікті өзіне алды, соның кесірінен көз жұмды» деп айыптап жатыр жолаушылар.
Марқұмның денесін ұшақтан қара пакетке салып шығарып, Қытайда қалдырды.