Құрылтай көші-қон заңнамасын жетілдіру жұмысына кірісті

Құрылтай

Құрылтайда көші-қон заңнамасын жетілдіруге бағытталған заң жобасы бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Жиынға депутат Ләззат Жылқыбаева жетекшілік етіп, оған тиісті ведомстволардың өкілдері мен сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Astana TV.

Заң жобасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді. Өзгерістер шетелдік инвесторлар мен жоғары білікті мамандарды тартуға, сондай-ақ шетелге жұмыс істеуге баратын қазақстандықтардың құқықтық қорғалуын күшейтуге бағытталған.

Негізгі жаңашылдықтардың бірі – Қазақстанға шетелдік капиталды, технологиялар мен білікті мамандарды тартуға арналған «Алтын виза» институтын енгізу.

Сондай-ақ заң жобасында ұзақ мерзімді резидент мәртебесін беру, «Алтын визаның» цифрлық куәлігін рәсімдеу және Ішкі істер министрлігінің QazETA платформасы арқылы «бір терезе» қағидатымен құжаттарды онлайн тапсыру көзделген.