Павлодарда оқушылар хлорға ұқсас затқа уланып қалды

Павлодарда оқушылар хлорға ұқсас затқа уланып қалды. Оқиға қаладағы №11 мектепте болған. Балалар сыныптан әлде бір ұсақ затты тауып алған. Соның иісінен 4 оқушы басы айналып, өздерін жайсыз сезініпті. Иіске уланған 4 балаға бірден медициналық көмек көрсетілді. Қазір жағдайлары жақсы.  Оқуын жалғастырып жатыр. Ал улы заттың мектепке қайдан келгені белгісіз. Осы жағдай кейін мектепте тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

АИДА НЕГМАТОЛЛА, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ПЕДИАТОР ДӘРІГЕРІ:

2 бала жедел жәрдеммен, бір бала ата-анасымен бірге ауруханаға жеткізілді. Бастапқыда балалар жағымсыз иіске шағымданған болатын. Тексеру барысында олардан денсаулыққа қауіп төндіретін жағдай анықталмады. Сол себепті ауруханаға жатқызу қажет болмады.