Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысының қоғам өкілдерімен кездесті

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2026

Қазақстан Халық Кеңесі өңірлердегі қоғамдық бастамаларды қолдап, халықты толғандырған мәселелердің шешілуіне ықпал етпек. Бұл туралы Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Батыс Қазақстан облысының қоғам өкілдерімен кездесуінде айтты. Жиында мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайту, жастарды қолдау және азаматтық бірлікті сақтау мәселелері талқыланды. Бүгінде елімізде 200-ден астам қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Олардың құрамында 3,5 мыңға жуық адам бар. Бұл жергілікті мәселелерді шешуге атсалысатын елеулі қоғамдық күш. Кездесуде осы әлеуетті тиімді пайдалану және өңірлердегі озық тәжірибені бүкіл елге тарату қажеттігі айтылды.