Жұмысшыы бес метр биіктіктен құлады

ашық дереккөз

Атырауда теміржол вокзалын қайта жаңғырту барысында оқыс оқиға болды. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан 42 жастағы жұмысшы биіктіктен құлап, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Astana TV.

 Жұмысшы құрылыс ағаштарында еңбек етіп жүріп, шамамен бес метр биіктіктен құлаған.

Зардап шеккен ер адам облыстық ауруханаға жеткізілген. Алдын ала ақпарат бойынша, ол нейрохирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Оқиға салдарынан тағы бір жұмысшы жарақат алған. Алайда оның жарақаты жеңіл болғандықтан, дәрігерлер тексеру жүргізгеннен кейін үйіне қайтарған.

Айта кетейік, Атырау теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары биыл наурыз айында басталған. Құрылысқа "Батыс Альянс Строй" ЖШС жауапты. Жоспар бойынша жаңартылған вокзал қазан айында пайдалануға берілуі тиіс.