Семейде жаңа туған қызын қоқыс жәшігіне тастаған әкеге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

көрнекі сурет / malim.kz

Семейде жаңа туған қызын қоқыс контейнеріне тастап кеткен ата-аналарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Astana TV.

КТК телеарнасының хабарлағандай тергеу мәліметінше, әйел жүктілігін жасырып, қыз баланы үйінде босанған. Кейін ол нәрестенің өлі туғанын айтқан. Алайда тергеу барысында сәбидің тоңып қалу салдарынан көз жұмғаны анықталған. Қыздың өліміне әкесі де қатысы бар екені белгілі болды. Ол нәрестені қоқыс контейнеріне тастап кеткен.

Сот шешімімен ата-ананың екеуі де арнайы атақтарынан айырылды. 21 жастағы ана екі жылға бас бостандығынан айырылғанымен, рақымшылыққа ілінді.

Ал 26 жастағы әкесі өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Судья Нияз Хасенбаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі бойынша ер адамды кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Айта кетейік, ерлі-зайыптының екеуі де ішкі істер органдарында жұмыс істеген.