Ақтөбе облысында көлік бақылау инспекциясының қызметкері тасымалдаушыдан пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Astana TV.
Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, инспектор автокөліктерді кедергісіз өткізу үшін бірнеше рет пара алған. Оның жалпы сомасы 170 мың теңгені құраған.
Сот үкімімен оған 5,5 млн теңге айыппұл салынып, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.