5 айлық сәбидің өліміне себепкер күдікті әлі табылмады

Қызылордада 5 айлық сәбидің өліміне себепкер болды деген күдікті іздестіріліп жатыр. Оқиға қаланың «Шанхай» мөлтек ауданында болған. Қатты жылдамдықпен келген көлік анасы мен баланы ұшырып жіберген. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтағанымен әлі табылмай жатыр.

Көптің жағасын ұстатқан жол көлік оғиғасы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қоларбадағы нәрестені анасы итеріп келе жатқан.  Кенеттен көз ілеспес жылдамдықпен жүйткіген көлік анасы мен баласын ұшырып жіберген. Басынан алған ауыр жарақаттан сәби көз жұмды. Ал 26 жастағы келіншек жансақтау бөлімінде жатыр.

ӘСЕТ ЖАЛМАҒАНБЕТОВ, КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бас сүйектерінің ашық жарақаты, бас миының орташа дәрежеде моғылуы. Шүйде сүйектерінің сынығы. Сол кеуде сүйектерінің 5,3,4 қабырғаның және бұғананың жабығы қысқан сынығы. Жамбат сүйектерінің жабығы қысқан сынығы. Екі аяқ тобықтарының ығысбаған жабық сынығы диагнозымен жатқызылды.  Жағдайы тұрақты ауыр күйде.

Күдікті 26 жаста қала тұрғыны екені белгілі болған. Полиция тікелерінен тік тұрып тінтігенімен ізім ғайым жоқ. Оқиға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

РАҚЫМЖАН СҰЛТАНҚҰЛОВ, ОПД АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы және оқиға орнынан кетіп қалу деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталды. Қызылорда облысының Полиция департаменті оның жүрген жерін анықтау және ұстау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда. Қалаға кіре беріс жолдарда  бақылау күшейтілді.

Дәрігерлер сәбиінен айырылған жас ананың әлі де өміріне қауіп бар екенін айтады. Бірнеше сынық жарақатын алған оның аяққа тұруы үшін ұзақ ем керек. Ал оқиға орын алған көшенің тұрғындары да әлі есеңгіреп отыр. Олар тар жолда көліктердің ылғи қатты жылдамдықпен жүретінінін айтады.