«Әділет» партиясының салалық кеңесі агросала мәселелерін талқылады

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2026

Астанада «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі салалық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өзекті мәселелері талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды. Шаруалар жайылымға қолжетімділік, жер алу кезіндегі бюрократиялық кедергілер мен салық мәселелерін көтерді. Ал астық өндірушілер биылғы құрғақшылық салдарынан өнім көлемі азайып, шығынның артқанын айтты. Отырыс қорытындысында көтерілген ұсыныстарды заңнамаға және мемлекеттік бағдарламаларға өзгеріс енгізу үшін Құрылтай алаңына шығару туралы шешім қабылданды.

ЭЛЬДАР ЖҰМАҒАЗИЕВ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Іскерлік кеңестің аясында 13 салалық кеңес ашылды қазір. Соның біреуі - ауылшаруашылығына байланысты. Басты айтатын әңгіме партияның сайлау алды бағдарламасы. Оның аясында экономикалық, кәсіпкерлік дамытуға байланысты уіделерімізді бердік. Оның ішінде ең бастыларының бірі 1 млн халыққа тұрақты сапалы жұмыс орнымен қамтамасыз ету.