Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі, деп хабарлайды Astana TV.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылу жағдайларына байланысты төленетін әлеуметтік төлемдерді 8,5%-ға арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Құжатты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген.
Жобаға сәйкес, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдер индексацияланады. Бұл шара әлеуметтік төлем алушылардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған.