Тауар жоқ, құжат жалған: мемлекетке 245 млн теңге шығын келген

syrboyi.kz

Алматыда тауар жеткізбей, қызмет көрсетпей жалған шот-фактуралар рәсімдеген екі адам сотталды. Олардың әрекетінен мемлекетке 245 млн теңге залал келген, деп хабарлайды Astana TV.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер іс жүзінде орындалмаған жұмыстар мен көрсетілмеген қызметтер үшін жалған құжаттар рәсімдеп, салық төлеуден жалтару схемасын ұйымдастырған.

Алматы қаласының прокуратурасы бақылауында болған іс бойынша сот екі адамды Қылмыстық кодекстің 216-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп таныды. Олардың бірі схеманы ұйымдастырса, екіншісі қылмысқа көмектескен.

Екеуі де сот залында қамауға алынды.

Қала прокуратурасы экономикалық қылмыстарды анықтау және мемлекеттік мүдделерді қорғау бағытындағы жұмысты жалғастырып жатқанын мәлімдеді.