Ақтөбе облысында күйіп қалған екі жұмысшының жағдайы ауыр

Фото: gov.kz

Ақтөбе облысында жанармай құю кезінде екі жұмысшы күйіп қалды, деп хабарлайды Astana TV.

Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр, Бірінің денесінің 80 пайызын күйік шалған.

Оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, тергеу басталды. Он жұмыс күні ішінде өрттің себептері мен еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тексеріледі.