Көкшетау қаласында монша кешендерінің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Astana TV.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жедел барлау жүргізіп, қызыл жалынның одан әрі таралуына жол берген жоқ. Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында өрт 30 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Қазір өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.