Жамбыл облысында тауға саңырауқұлақ теруге барған әйел ауруханаға түсті, деп хабарлайды Astana TV.
Тұрар Рысқұлов ауданында саңырауқұлақ теріп жүрген 66 жастағы әйел аяғын жарақаттап, өздігінен қозғала алмай қалған.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары, «Луговое» трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері, әйелдің туыстары мен жедел жәрдем бригадасы жедел жетті.
Құтқарушылар зардап шеккен әйелді зембілмен таулы аймақтан жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізді.
Одан кейін әйел ауруханаға жатқызу үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
Құтқарушылар тауға шығатындарға маршрут пен ауа райы жағдайын алдын ала бағалауға, қайда баратынын жақындарына ескертуге және өз мүмкіндіктерін асыра бағаламауға кеңес береді.