Мектеп шатыры опырылып, 34 оқушы мен 1 мұғалім қаза тапты

Фото: Reporter

Пәкістанның Пешавар қаласында мектеп шатыры опырылып, 34 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты, деп хабарлайды Astana TV.

50-ден астам адам жараланып, үшеуінің жағдайы ауыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа ғимараттың сапасыз салынуы себеп болуы мүмкін. Қазір аймақтағы барлық мектеп тексеріліп жатыр.

Қаза тапқандардың жақындары кінәлілерді жазалауды талап етуде. Бұған дейін жекеменшік мектептің иесі мен директоры қамауға алынды.