Ақтауда кішкентай бала 6-қабаттан құлап кете жаздады

Фото: скриншот

Қазақстандық оқушылар алтыншы қабаттан құлап кетуге шақ қалған баланы аман алып қалды

Әлеуметтік желілерде алтыншы қабаттың балконында жалаңаш тұрған кішкентай бала мен төменде алаңдап жиналған жасөспірімдердің видеосы тарады, деп хабарлайды Astana TV.

Instagram желісінде 2026 жылғы 17 қазанда сәбидің өміріне қауіп төнген сәт түсірілген бейнежазба жарияланды. Жазба авторларының айтуынша, оқиға Ақтау қаласының 27-ші шағынауданында болған.

Бейнекадрлардан жалаңаш баланың алтыншы қабаттағы балконның терезе алдында тұрғанын көруге болады. Төменде үрейленген жұрт жиналып қалған. Нақтыланбаған мәліметке қарағанда, қайғылы жағдайдың алдын алуға сол маңда жүрген №16 мектептің оқушылары мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі септігін тигізген.

Айтуларынша, бір топ оқушы бала бар пәтерге қарай жүгіріп кірсе, қалғандары бала құлап кеткен жағдайда қағып алу үшін қолда бар заттардан жамылғы не төсеніш жасауға әрекеттенген.