ТЖМ құтқарушылары құлынға көмек көрсетті
Өскемен қаласында құлын шұңқырға түсіп кетіп, өздігінен шыға алмай қалған, деп хабарлайды Astana TV.
Оқиға орнына келген құтқарушылар жағдайды бағалап, құтқару жұмыстарына кірісті. Қызметкерлердің үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында құлынды шұңқырдан аман-есен шығарып алды.
Бұл оқиға құтқарушылардың көмегі тек адамдарға ғана емес, қиын жағдайға тап болған жануарларға да қажет екенін тағы бір мәрте еске салады.