Жаңаарқада мас жүргізуші жеті жылға куәлігінен айырылды

Фото: ПД

Полиция тексеру кезінде Volkswagen Golf маркалы автокөлігінің жүргізушісін тоқтатып, медициналық куәландырудан өткізген

Ұлытау облысы Жаңаарқа кентінде полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында ішімдік ішіп, рөлге отырған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Astana TV.

Тәртіп сақшылары тексеру кезінде Volkswagen Golf маркалы автокөлігінің жүргізушісін тоқтатып, медициналық куәландырудан өткізді. Сараптама қорытындысы азаматтың ішімдік тұтынғанын толықтай растады.

Сот қаулысына сәйкес, жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.