Астанада құтқарушылар өрттен екі газ баллонын алып шықты

фото скрин

Астана қаласы Есіл ауданы Аққұм көшесінде бір қабатты барак үлгісіндегі үйдің бөлмесінде өрт шықты. Өрттің аумағы 10 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды Astana TV. 

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар үйден екі газ баллонын алып шықты. Осылайша, ықтимал жарылыс қаупінің алдын алды.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласыңыз.