5 қабаттан құлайын деп тұрған баланы құтқарды

Қарағандылық өрт сөндіруші бесінші қабаттан құлайын деп тұрған бес жасар баланы құтқарып қалды. Бұл сәтті ешқашан ұмытпаймын дейді Саят Сыздықов. Ол күн сайын қауіп-қатермен бетпе бет келеді. Өзгенің өмірін сақтап қалу үшін ешқашан аянбайды. 

Әр шақырту -белгісіздік, әрбір секунд - жауапкершілік. Өрт сөндірушінің міндеті- жалынды ауыздықтау ғана емес, алдымен адам өмірін сақтау.

САЯТ СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ӨРТ СӨНДІРУШІ- ҚҰТҚАРУШЫСЫ:

Дабыл соққан кезде бізге 1 минут уақыт беріледі толығымен киініп гараждан шығып кетуге. Бұл өрт сөндірушінің жеке киімі. Боевая одежда пожарного дейді. Бұның салмағы бір примерно 8-10 кг- дай болады.

Саят Сыздықов Төтенше жағдайлар жүйесінде 7 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде талай оқиғаға куә болды. Оның жадында ерекше сақталғаны-  кішкентай қыз баланың оқиғасы. Қаладағы көпқабатты үйдің біріне өрт сөндіруге келгенде, бесінші қабаттың терезесінде тұрған баланы көреді. Ішті қою ащы түтін басқанына қарамастан, ол пәтерге кіріп, қызды тауып алады да уақыт жоғалтпай қауіпсіз жерге алып шығады.

САЯТ СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ АҒА ӨРТ СӨНДІРУШІ- ҚҰТҚАРУШЫСЫ:

Түскен бетте 5 этажда отырған қыз баланы көрдім. Терезенің шетінде отыр. Терезені ашып қойған уже. Терезенің шетінде отыр, подоконникта.Сол бетте дереу жүгіріп барып подъезін тауып алып, пәтерін анықтап, 5 этажға көтеріліп жаңағы қыз баланы құтқарып қалдым. Біз үшін ең маңыздысы адамның өмірін сақтап қалу. 

Саят Сыздықов үшін бұл мамандық- жай ғана жұмыс емес. Бала кездегі арманы мен өмірлік таңдауы. Бір қарағанда, бұл - қызметтік міндеттің орындалуы болғанымен қауіпке қарсы тұрып, сатыны тоспай баланың өмірі үшін тікелей жауапкершілік алу үлкен батылдықты талап етеді. Бүгін осы ерлігінің арқасында Саят Сыздықов Төтенше жағдайлар министрлігінің «Құтқарушы» төсбелгісімен марапатталды.