eGov порталы мен eGov Mobile қосымшасында отбасының әлеуметтік жағдайын бағалайтын жаңа «әл-ауқат» калькуляторы іске қосылды. Жүйеге отбасының табысы, демографиялық көрсеткіштері мен активтерін енгізу арқылы тиесілі жәрдемақы мөлшерін алдын ала есептеуге болады. Келесі жылдан бастап елімізде әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі өзгереді. 36 мемлекеттік жәрдемақының 14 түріне мұқтаждық қағидаты қолданылады. Отбасылар әлеуметтік жағдайына байланысты 5 санатқа бөлінеді. Табысы мен мүлкі жоғары A және B санатындағыларға бұл төлемдерді беруге шектеу қойылады. Калькулятор арқылы шыққан нәтиже тек анықтамалық сипатқа ие, ал енгізілген дербес деректер серверге жіберілмейді.