Республика күніне орай дүкендерде жаппай жеңілдіктер науқаны басталды

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2026

Республика күні қарсаңында елімізде мерекелік жеңілдіктер науқаны өтеді. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, басқа да өңірлерде Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары басталды. Тұтынушылар тауарларды   төмен бағамен ала алады.  Мерекелік ұсыныстардың ең ауқымды кезеңі 21-27 қазан аралығында болмақ.  Акциялық бағдарламалар, арнайы баға мен мерекелік жеңілдіктердің басым бөлігі дәл осы күндері өтеді.