Астана әуежайында ЖИ арқылы биометриялық тексеру енгізілмек

Фото: Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Астана әуежайында жасанды интеллектіні пайдалана отырып жолаушыларды биометриялық аутентификациялауды енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылуы мүмкін, деп хабарлайды Astana TV. 

Көлік министрлігі тиісті бұйрық жобасын әзірледі.

"Жоба Астана әуежайында жолаушыларға қызмет көрсету процесін жақсартуға бағытталған. Биометриялық аутентификация бойынша жобаны енгізу жолаушыларға қызмет көрсету уақытын қысқартуға, ұшу алдындағы рәсімдерден өтуді оңтайландыруға және Астана әуежайындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді", – делінген бұйрық жобасында.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Көпшілік талқылау 4 қарашаға дейін жалғасады.