Павлодар тұрғынын сұлу қыламын деген косметолог тыртық қылды. Әрлеу, сәндеу барысында қолданылған заттан әйелдің бет терісі күйіп қалған. Бұл жұмысы үшін ол сұлулық салонына бақандай 132 мың теңге төлепті. Денсаулығына зиян келтірген косметолог клиенттің ақшасын қайтарудан бас тартқан. Зардап шеккен әйел Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне шағымданған.
ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ:
Тұтынушы бізге денсаулығына зиян келгені туралы медициналық құжат ұсынды. Сол бойынша біздің депармент мамандары тұтынушыға даулы мәселені шешу бойынша құқықтық көмек көрсетті. Нәтижесінде екі тарап бір-бірімен келісімге келіп, 127 мың теңгені тұтынушыға қайтарып берді.