"Шетелге жұмысқа орналастырамыз!": жалған жарнама көбейді

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2026

Әлеуметтік желілерде шетелге жұмысқа орналастырамыз деген жарнама көбейді. Кореяға барып, құрылысшы болып, Ұлыбританияда құлпынай теруге шақырады. Алайда жауаптылар мұндай хабарламалардан сақ болған жөн дейді.  Неге? Сержан Айтжан айтады.

Жұмыс іздегендер, табысы мол әрі жайлы жерді көздейді. Алайда 4 жыл Университетте оқып, екі қолға бір күрек табылар деген ой, нарық талабымен сай келмей жатады. Сол кезде елдегі тұрмыс жайы, ойға шетелдегі жұмыс жайын еске салады. Бірі күншығыс елін жөн көрсе, біріне еуропа асып көкеніс пен жеміс теру абзалырақ. Бұған - әлеуметтік желідегі мына пікірлер себеп.

БЛИЦ:

- Срочнооо шетелге жұмыска кетпесем болмайды, карыз деген жеп бітті.

- Шетелге жұмыска қалай баруға болады? Ағылшын тілін білмеймін. Жасым 22 де.

- Ел қатарлы мен де шетелге шығып Англия Еуропаға барып жасағым келіп жүр.

Бірақ шекара асып, тірлік қылуды көбісі біле бермейді. Сол себепті арнайы маманға жүгінеді. Қызмет көрсетушінің лицензиясы бар ма немесе заңды ма оған бас ауыртатын адам аз. Ал бұл үлкен қателік. Себебі табысыңды арттырам дегендердің басым бөлігі шетелдік делдалдар мен күмәнді ұйымдардың адам болуы мүмкін. Олар біздің елде тіркелмеген және заң аясынан тыс тірлік қылады.

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ, КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІ:

Көші-қон комитеті азаматтарды қырағы болуға, әлеуметтік желілердегі кездейсоқ хабарландыруларға сенбеуге және күмәнді жалдаушыларға ақша аудармауға шақырады. Шетелде қауіпсіз жұмысқа орналасу барлық құжаттар мен рұқсаттарды міндетті түрде алдын ала тексере отырып, ресми, аккредиттелген операторлар арқылы ғана мүмкін болады.

Желіде жұмыс іздегенде мұқият болу маңызды. Себебі ақша табамын деп барып, ақшасыз қалуыңыз да ықтимал. Заң тентекті тезге салар. Алайда схеманы құрғандар, жат жерде жасырынып жүруі де мүмкін.