100-ден астам жас домбырашы Республика күніне орай күй орындады

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2026

Ұлттық өнер арқылы елге деген сүйіспеншілікті жеткізген жас домбырашылар Республика күніне ерекше тарту жасады. Астанадағы өнер мектебінің 100-ден астам оқушысы «Біздің үн - Отан» жобасы аясында «Ер Тұран» күйін бірге орындады.

Жобаның мазмұны да ерекше. Домбыра сыныбында білім алатын украин және орыс ұлтының екі оқушысы Отан, туған жер және ортақ құндылықтар туралы ой бөліседі. Олардың диалогы Қазақстанды мекендейтін түрлі этнос өкілдерін біріктіретін ортақ шаңырақтың маңызын көрсетеді. Ал жас домбырашылардың орындауындағы күй ұлттық рух пен мәдени мұраның сабақтастығын айшықтайды. Шығармашылық жобаға 20-ға жуық жас суретші де атсалысты. Олар өз картиналарында Қазақстанның әсем табиғатын, туған өлкенің көркін, бейбіт өмір мен жарқын болашаққа деген сенімін бейнелеген.