Мұнайлы ауданының прокуратурасы балалардың пайдасына 37 млн теңге алимент өндірді

Фото: polisia.kz

Мұнайлы ауданының прокуратурасы алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету бағытында тиісті прокурорлық шаралар қабылдады, деп хабарлайды Astana TV. 

Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше қабылданған шаралар нәтижесінде 22 борышкер әкімшілік, 3 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар балалардың пайдасына жалпы сомасы 37 млн теңге алимент берешегі өндірілді.

Прокуратура алимент бойынша берешекті өндіріп алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.