Биыл Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл

Биыл ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл. Оның «Кел, балалар, оқылық!» деген ұранды сөзі арада ғасыр өтсе де әлі күнге өзекті. Ыбырай Алтынсарин саналы ғұмырын ағартушылыққа арнады. Қазақ даласында тұңғыш мектеп ашып, ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалады. Білімді надандықты жеңудің, ұлтты өркендетудің басты құралы деп білген Алтынсарин әлем қаламгерлерінің туындысын қазақы ұғымға бағыттап, төл оқулықты жазып шығарды. Тіпті қазақ жазба әдебиетінің бастауында да Ыбырай шығармалары тұр. Ұлы ағартушының озық идеялары әлі де өміршең. Бүгін осы мерейлі күнге орай Оралдағы оқу орындары ағартушының еңбегін ұлықтап, есімін құрметтеді.

 АЙДАРБЕК АҚБОЛАТОВ, МАХАМБЕТ ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БҚУ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

Ыбырай Алтынсаринның артында қалған мол мұрасы ең біріншіден ол кісінің білім беру саласын, ағартушылықты ғылыми жүйелі түрде жолға қойып, кейінгі ұрпаққа аманаттауы. Оның ізін кейін ХХ ғасырдың басындағы Алаш арыстары да жалғастырды. Сондықтан Ыбырай Алтынсариннің педагог ұстаз ретіндегі тұлғасы әлі күнге дейін біздің ұрпақ үшін қызмет ете береді.