Алматыдан Павлодарға бағыт алған ұшақ әуежайға қона алмай кері қайтты

Алматыдан Павлодарға бағыт алған ұшақ әуежайға қона алмай кері қайтты. Бұған  Павлодар әуежайында ұшақты мұздануға қарсы өңдеу мүмкіндігінің болмауы себеп болған. Күн райы күрт құбылып, қар аралас жаңбыр жауған. Оған қоса жылдамдығы 20 м/с болатын қатты жел соққан. Соның салдарынан  әуе кемесі әуежайға қонған жоқ. Өйткені, ұшақ әуеге көтерілер алдында мұзға қарсы арнайы сұйықтықпен өңделуі керек. Күн райының нашарлауы жағдайынан бұл жұмыстарды орындау мүмкін болмады. Ал рейс қайтадан кері бағытқа орындалмаған.  Себебі, ауа райы сәт сайын құбылып тұр. Ал жолаушылар билетті басқа күнге ауыстыра алады немесе қайтаруға болады. 

МАРАТ ХАСЕНОВ,  «ПАВЛОДАР ӘУЕЖАЙЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Біз техникалық жағынан дайынбыз оған. Бірақта бізде заң бар. 15 м/с жел көп болса, биіктерде жұмыс істеуге болмайды. Сол себептен де оны да ескерген шығар пилоттар сол үшін олар сондай шешім қабылдады. Қайтадан Алматыға қайтты. Ешқандай ақау жоқ. Қысқа дайынбыз. Бүкіл керек заттардың бәрі сатып алынған. Бәрі бар. Оқудан өткен адамдар лауазымдары бойынша.