Бішкекте түркі мемлекеттерінің парламентаралық ынтымақтастығы талқыланды

Бішкекте Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясының XV пленарлық отырысы өтті. Жиынға Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай бастаған депутаттар қатысты. Басқосуда жасанды интеллект, жаңа технологияларды дамыту және түркі елдері арасындағы байланысты нығайту мәселелері талқыланды. Қазақстан тарапы түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді және кибершабуылдардан бірлесіп қорғану үшін арнайы кеңес құруды ұсынды. Сондай-ақ балаларды зиянды ақпараттан қорғау және кәсіпкерлердің құқықтарын сақтау бойынша бірқатар құжат қабылданды. Жиын соңында Бішкек декларациясы қабылданып, Қазақстан Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясына төрағалықты Қырғызстанға тапсырды.

АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жасанды интеллект пен заманауи технологиялар мәселесінің Түркі әлеміне ортақ күн тәртібінде айрықша орны бар екенін де көрсетіп отыр. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Астана қаласында Әлем АІ негізінде түркі елдерінің ІТ хабтар желісін жасанды интеллект орталығын құру жөніндегі  бастамаларының мәні ерекше. Бұл бастамалар елдеріміздің технологиялық әлеуетін біріктіріп қана қоймай, ортақ цифрлық эко жүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы мұндай тетіктер ынтымақтастықты декларативті деңгейден нақты жобалар мен практикалық нәтижелерге көшіруді қамтамасыз ететін болады.