"27 мыңға жуық қазақстандықтың үйі апатты жағдайда тұр",-депутат

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2026

27 мыңға жуық қазақстандықтың үйі апатты жағдайда тұр.  Елдегі 61 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үйдің ішінде мыңнан астамы апатты жағдайда болса, 3 мыңнан астамының тозығы жеткен. Соңғы үш жылда 352 ескі үй бұзылып, орнына 200 көппәтерлі тұрғын үй салынған. Алайда бұл жалпы баспана қорының небәрі 0,3 пайызын қамтиды. Ал 2029 жылға дейін әкімдіктер 11 мыңнан астам пәтер беруді жоспарлап отыр. Бұл көшірілуге тиіс меншік иелерінің 42 %-ы ғана. Осыған байланысты депутаттар Үкіметке тұрғындарды көшірудің бірыңғай жол картасын әзірлеп, реновация жұмыстарының орындалуын бақылауды күшейтуді ұсынды.

ӘМІРБЕК ОСПАНБЕКОВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "ӘДІЛЕТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Тәжірибе көрсеткендей, апатты жағдайдағы және тозығы жеткен баспаналарда өрт қаупі өте жоғары. Мұндай нысандардағы тілсіз жау жиі қайғылы жағдайларға, адамдардың, әсіресе балалардың өмірі мен денсаулығына елеулі қатер төндіретіні анық. Бұған мейлінше жол бермеу керек!