Қазақстандық өндірушілер әлемдік брендтермен бәсекелесуге дайын. Бұған Алматыда өткен халықаралық PowerExpo Almaty 2026 көрмесі дәлел болды.
Энергетика, электротехника және энергетикалық машина жасау салаларын қамтыған 24-ші халықаралық көрмеге биыл 11 елден 288 компания қатысты. Отандық 22 өндіруші өз өнімдерін таныстырды. Көрме отандық кәсіпорындардың әлеуетін арттыруға, халықаралық серіктестер табуға және қазақстандық өнімдерді шетелдік нарыққа шығаруға жол ашатын нағыз мүмкіндіктер алаңы болды.
ЖАҚЫП ХАЙРУШЕВ, «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Ашығын айтайын, бүгінде қазақстандық энергетикалық жабдық өндірушілердің аяқ алысы нық. Олар осы саладағы жетекші әлемдік брендтермен бәсекелесуге дайын. Ал шетелдік өндірушілердің қатысуы бізге өз деңгейімізді бағалауға мүмкіндік береді. Іс-шарадан кейін салада анықталған мәселелермен әрі қарай жұмыс істеп, бизнеске көмектесеміз.