Студенттерге қоғамда жасампаздық мәдениетін қалыптастырып, адал еңбекті құрметтеу тақырыбы түсіндірілді

Атыраулық студенттерге   қоғамда жасампаздық мәдениетін қалыптастырып, адал еңбекті құрметтеу  тақырыбы түсіндірілді.  Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында өткен жиында қоғамның дамуы тікелей рухани құндылық негіздеріне байланысты екені айтылды. {КСМ}  Адал қоғам құру үшін ерте жастан адал азамат тәрбиелеу  керек. Кездесуге келген жазушы, «Алаш» сыйлығының иегері  Жалғасқали Дүтмағамбетовтің  еңбекқорлық пен жауапкершілік бойына сіңген білімді азамат жеңіл жол  мен қулық-сұмдықтан ада болатынын ұғындырды.  Бұл орайда мемлекет басшысының идеологиялық дамытуды мақсат еткен  5 жылға арналған тұжырымдаманың маңызы зор,- деді. 

ЖАЛҒАСҚАЛИ ДҮТМАҒАМБЕТОВ, ЖАЗУШЫ:

Біздің болашақ жастардікі. Негізгі мақсаты, мұраты әрбір азаматтың – түбінде жоғары парасатты адам болу. Ал мемлекет жақсы болу үшін бірінші мемлекетті халқына деген құрмет болу керек. Оның ішінде сонда тұратын халықтың мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-санасына құрмет болу керек. Ең маңызды – жеке адамның ар-ожданына құрмет болу керек. Ал оны жасайтын жастар.