Оралда «Қыран елім – Қазағым!» жастар патриоттық форумы өтті

Оралда «Қыран елім – Қазағым!» жастар патриоттық форумы өтті. Республика күніне арналған ауқымды басқосуға 500-ге жуық студент қатысты. Форумды Жастар ресурстық орталығы мен «Әділет» партиясы Жастар қанатының облыстық филиалы ұйымдастырды. Мұндағы мақсат - жастар арасында отансүйгіштік рухты қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Бұл үшін ұйымдастырушылар өз саласының үздіктерін спикер ретінде шақырған. Олар табысқа жету жолындағы табандылық пен азаматтық ұстанымы туралы айтты. Бұдан кейін жастар  өздерін толғандырған сұрақтарды қойды.

ЕРЛІК ШАМҒАЛИ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫ ЖҚ БҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

Спикерлеріміз - өз саласының үздіктері, өз саласының майталмандары. Өйткені осындай мықты тұлғалар жастарға айтатыны бар, жастарға үлгі аларлықтай бүгінгі өзінің тәжірибелерімен бөлісуде. Бұл жердегі негізгі мақсат - жастардың патриоттық сезімін, елге, жерге деген жалпы туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылады.